«Алтын қазына»

Ағымдағы жылдың  24.04 күні №16 Саламат  Мұқашев атындағы  жалпы білім беру орта мектебімізде  «Алтын қазына» атты көркем және сәндік – қолданбалы  балалар  шығармашылығының  облыстық  көрме  байқауы өтті. Осы байқауға мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 7 «А» сынып оқушысы Балхаева Назерке «Ұлттық ою- өрнегі бар халықтық  киімдерінің үлгісін жасау» номинациясының II  орын жеңімпазы, жетекшісі Сахаева Мейрамгүл алғыс хатпен марапатталды. 8 «Ә» сынып оқушысы Шахин Абылай  «Темірден жасалған бұйымдар»  номинациясы бойынша II дәрежелі дипломмен ал, жетекшісі Есенов Сексенбай алғыс хатпен марапатталды.

 





Алау әскери патриоттық шарасы

icon 15 мамыр күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде Алау әскери  патриоттық  шара өтті. Шараға  дене шынықтыру  мен  БӘД пәнін бітіруіне  байланысты 10, 11 сынып оқушылары барлығы  қатысты, ЮИД 8 сынып оқушылары, патриот әскери спорттық үйірме мүшелері  34 оқушы  қатысты. Шараға арнайы қонақтар Маңғыстау облысы  Ішкі  Істер патрульдік полициясы, капитан Медетов Қуаныш,  мектеп  инспекторы, лейтенант  Ильясов Әбдімәлік шақырылды.  11 сынып ер балдарына әскери куәлігін  подполковник  Өтегенов Бақытжан табыстады. Кейбір оқушыларға мектебіміздің директоры Садыков А.Ж мадақтама грамоталарын тапсырды. Шараны ұйымдастырушы  алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Муса Бекесович.  

«Толағай » спорттық шарасы

icon 15.05 күні  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде «Толағай» спорттық шарасы өткізілді. Шараға мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, әр түрлі спорттық ойындар өтті. Ойынға ата-аналар белсене қатысты.  

«Толағай » спорттық шарасы

icon15.05 күні  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде «Толағай» спорттық шарасы өткізілді. Шараға мектебіміздің 5 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, әр түрлі спорттық ойындар өтті. Нәтижесінде  I орын - 5 «А», II орын – 5 «Г», III орын – 5 «Ә» сыныптары жеңіске жетті.  

Жас ұланға қабылдану

icon7 мамыр күні Ақтау қалалық әкімшілігі алдында №16 Саламат Мұқашев атындағы білім беру орта мектебіміздің  5 сыныптың  Үздік оқушылары  «Отан қорғаушылар» күніне орай ұйымдастырылған  Жас Ұланға қабылданды.  

ЖҚТБ (СПИД) алдын алу жиналысы

iconАғымдағы жылдың  16.05 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің 10,11 сынып оқушыларына арналған СПИД центр орталығының  педагогы  Коджабергенова Ырыскүл Таңбайқызы СПИД-тен алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстары мен видеороликтер көрсетті.  Мақсаты оқушыларды  ВИЧ  ауруларынан  алдын  алу.  

Халықаралық Отбасы күні

icon15.05  күні  жалпы  Халықаралық Отбасы  күніне орай №16Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде ата- аналар жиналысы  өтті. Жиналыстың  ашылуы мектеп оқушыларының арнайы  ұйымдастырған концерттік бағдарламамен басталды. Жиналыста тренинг, баяндама  оқылды  және де әр түрлі мәселелер талқыланды.  

«Алтын қазына»

icon Ағымдағы жылдың  24.04 күні №16 Саламат  Мұқашев атындағы  жалпы білім беру орта мектебімізде  «Алтын қазына» атты көркем және сәндік – қолданбалы  балалар  шығармашылығының  облыстық  көрме  байқауы өтті. Осы байқауға мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 7 «А» сынып оқушысы Балхаева Назерке «Ұлттық ою- өрнегі бар халықтық  киімдерінің үлгісін жасау» номинациясының II  орын жеңімпазы, жетекшісі Сахаева Мейрамгүл алғыс хатпен марапатталды. 8 «Ә» сынып оқушысы Шахин Абылай  «Темірден жасалған бұйымдар»  номинациясы бойынша II дәрежелі дипломмен ал, жетекшісі Есенов Сексенбай алғыс хатпен марапатталды.  

«Мектеп Лигасы» футболдан жарыс

iconАғымдағы  жылдың  12.04  күні  Ақтау қаласы №29 жалпы білім беру орта  мектебінде қалалық  «Мектеп Лигасы» атты  футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа ұлдар арасынан 5-6 сынып оқушылары  қатысты. Жарыстан  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің оқушылары I – орын иеленді.  

Атаңнан мал қалғанша тал қалсын.

icon «Бұлақ көзін ашып, көзіңді қалдыр, жақсылық мұра шашып, ізіңді қалдыр, бау-бақша өсіріп, өзіңді қалдыр, жаса нұр,» – деген бабадан қалған өсиет бекер айтылмаған. Адамзат өмірінде қай заманда, қай қоғамда болмасын озық ойлы, өз заманы мен өз замандастарынан оқ бойы алда жүретін көшбасшылар жасыл желекке, ағаш егуге, атын қалдыруға ерекше мән берген. Дәстүрлі дінімізде үш түрлі әрекетті теңдесі жоқ сауап деп білген. Ол шөлге құдық қазу, өзенге көпір салу, жерге ағаш егу.   Осы дәстүрді жалғастырған №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің 5 «Д» сынып оқушылары тал отырғызу айлығын бастап кетті. Күлімдеген көктемнің шуақты күндерінде мектеп ауласына тал отырғызып, көгалдандыру жұмыстары жасады. Мектеп әкімшілігінің атынан осы 5 «Д» сынып оқушыларымыздың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз. Сынып жетекшісі: Сәттурганова Айдана   Талдың рухани пайдасы зор. Біріншіден оны еккен адам баласына үлкен сауап болса, екіншіден таза ауа және желді аймақтарға әкелер пайдасы мол.  

Волейболдан жарыс

iconАғымдағы жылдың  5- 7.04 күні Ақтау қаласында №3 мектепте облыстық волейболдан 5-6 сынып қыздар арасында «Шұбар доп»  мектеп лигасы өтті. Жарысқа қала бойынша көптеген мектептер қатысты. Осы шараға №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру мектебіміздің 5-6 сынып  оқушылары  жеңіспен оралып  III – орын иеленді.  

Соңғы жаңалықтар

Алау әскери патриоттық шарасы

15 мамыр күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде Алау әскери  патриотты ...

30 мамыр 2019
«Толағай » спорттық шарасы

15.05 күні  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде «Толағай» спорттық шарасы ...

30 мамыр 2019
«Толағай » спорттық шарасы

15.05 күні  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде «Толағай» спорттық шарасы ...

21 мамыр 2019
Жас ұланға қабылдану

7 мамыр күні Ақтау қалалық әкімшілігі алдында №16 Саламат Мұқашев атындағы білім беру орта мектебі ...

21 мамыр 2019
ЖҚТБ (СПИД) алдын алу жиналысы

Ағымдағы жылдың  16.05 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің 10,11 сынып о ...

17 мамыр 2019