«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы»
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.
Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абай негізін салған жаңа сипаттағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі.
Шәкәрім – жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Ол адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді ерекше жырлады. Қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.
Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты.
Ақын «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық ар үшін жи», – деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, парасатты тұлға болып қалыптасу үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуы керектігін ашып көрсеткен.
Шәкәрімнің асыл ойлары адалдық, әділдік, ынсап, әділет, мейірім сияқты асыл қасиеттерді кірлетпеуге негізделген.
Ақын жастарға білімдіден ғибрат алуға, ақылмен ойлап іс қылуға, «құлқынның құлы болмай», «адамдық борыш – ар үшін қызмет ет», – деп өсиет еткен.
Шәкәрім өсиеті қазіргі өркениетті заманда да өз құндылығын жоймады, ол барша адамзаттың жан дүниесінің айнасы болуы қажет. Замандас жастардың міндеті – дала ойшылының жырлап өткен ар, борыш, адалдық сындық қасиеттерін бойында қалыптастыра білуі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.
https://www.youtube.com/watch?v=9-2UHkyi-gI&feature=youtu.be
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА: АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 01.04.21-01.08.21 АРАЛЫҒЫНДА "№16 САЛАМАТ МҰҚАШЕВ АТЫНДАҒЫ ЖББМ" КММ БІРІНШІ СЫНЫПҚА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ.

"Кітап-рухани қазына" атты байқау




«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы»

Оқушылардың жаңа жыл мерекесіне байланысты құттықтауы

Қазақ тілі және әдебиеті пәні әдістеме бірлестігінің апталығының ашылу салтанаты

"Адал еңбектің жарқын бейнесі" атты жас суретшілер байқауы

Соңғы жаңалықтар

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА: АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 01.04.21-01.08.21 АРАЛЫҒЫНДА "№16 САЛАМАТ МҰҚАШЕВ АТЫНДАҒЫ ЖББМ" КММ Б ...
03 наурыз 2021
Мектеп кітапханасында бастауыш сынып оқушыларымен өткен "Әдеби джем" ойынынан көрініс. ...
02 наурыз 2021
Бүгін 2 сынып оқушыларының қатысуымен кітапханада өткен "Кітап-рухани қазына" атты байқаудан кө ...
24 ақпан 2021
Бүгін "Еліне еңбегі сіңген ер" (Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау ...
23 ақпан 2021
"Кітап - рухани қазына" атты тақырыпта мектепшілік 9-11 сыныптар арасында "Кітап оқу марафоны" және д ...
05 ақпан 2021Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz