«Толағай » спорттық шарасы

15.05 күні  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде «Толағай» спорттық шарасы өткізілді. Шараға мектебіміздің 5 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, әр түрлі спорттық ойындар өтті. Нәтижесінде  I орын - 5 «А», II орын – 5 «Г», III орын – 5 «Ә» сыныптары жеңіске жетті.

 





Күзгі бал

icon Ағымдағы  жылдың 29.11.2019ж  күні  5 «Ә», «Б» сыныптар арасында күзгі бал өткізілді. Шараға 4 жұп қатысты. Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету.Оқушылардың әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру. Шара жоғары деңгейде өтті. Нәтижесінде 5 «Ә»сынып оқушылары  I орын, 5 «Б» сынып оқушылары II орын, 5 «Ә» сынып оқушылары IIIорын, ынталандыру 5 «Б» сынып оқушылары жеңіске жетті.  

Еркін күрес

icon 1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне орай 2009-2011 ж.т. жасөспірімдер арасында еркін күресі бойынша БЖСМ ашық біріншілігінде II орын алған №16Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебіміздің 5 «А» сынып оқушысы Даңғаров Ислам марапатталды. Даңғаров Исламға алдағы уақытта биіктерден көрініп жүе беруін, тек жеңіс тілейміз!  

Білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы жиналыс

iconАғымдағы жылдың 05.12.19ж күні №16Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс  пен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы жиналыс өткізілді. Жиналысқа қатысушылар: Білім басқармасының басшысы А.Сейдалиев, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы С.Тулебаева, облыстық полиция  департаменті  бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі А.Халмұрадов,  №14,16,20 орта мектептердің директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 10-11 сынып оқушылары мен педагогтары, мектеп инспекторлары. Модератор: облыстық білім басқармасының басшысы Сейдалиев Асқар Әбиұлы. Бүгінгі жиналыста күн тәртібінде қаралатын мәселе - Білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс  пен құқық бұзушылықтың мәселері туралы. Алдымен балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық туралы бейнефильм ұсынылды. Алғашқы сөз кезегі облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция  полковнигі  Халмұрадов  Амангелді  Хайырмұхамбетұлына берілді.   Келесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті дайындаған «Ессіз ойын» фильмін ұсынылды. Сөз кезегі Ақтау қаласы полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры  Шудабаев Серік Бегенішұлына берілді. Сөз кезегі Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Тулебаева Светлана Дюмбайқызына берілді.   Баяндамашыларға сұрақтар қойылды.   Модератор:   Құрметті жиналысқа қатысушылар, оқушылар!   Бала құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі.  

Каратэ-до

iconБірінші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген «Балалар мен жасөспірімдер» арасында  каратэ-додан 40 кг салмақ  дәрежесінде №16Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебіміздің 5 «Б» сынып оқушысы  Шаудирова Инкар марапатталды. Шаудирова Инкар оқушымызға алда алатын асулары мен жеңістері  көп болсын деп тілейміз.  

«Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары»

iconБілім басқармасы Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым  министрлігінің  25.11.2019 жылғы  №01-13-2-7/4481-И хатын жолдай отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды сапалы ұйымдастыру мақсатында орта білім, техникалық және кәсіптік білім, жоғары білім беру ұйымдарына  «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» жалпы республикалық ашық сабағының пысықталған нұсқасын және Қазақстан Республикасы Президенті кітапханасының қоры ұсынған деректі фильмдерді ағымдағы жылғы 29 қарашада өтетін ашық сабақтарға міндетті түрде пайдалануды тапсырды. Ашық сабақтарға әр мектепке дәріс оқуға спикер ретінде депутат,  қоғам қайраткерлері, белгілі тұлғаларды және т.б шақыру міндеттелді. №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде 29.11 күні 11 «Ә» сыныбына  математика пәні мұғалімі Нұржанова Амангүл ашық тәрбие сабағын өткізді. Оқушыларға Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев  туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдыретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп,мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.  

«Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары»

icon Білім басқармасы Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым  министрлігінің  25.11.2019 жылғы  №01-13-2-7/4481-И хатын жолдай отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды сапалы ұйымдастыру мақсатында орта білім, техникалық және кәсіптік білім, жоғары білім беру ұйымдарына  «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» жалпы республикалық ашық сабағының пысықталған нұсқасын және Қазақстан Республикасы Президенті кітапханасының қоры ұсынған деректі фильмдерді ағымдағы жылғы 29 қарашада өтетін ашық сабақтарға міндетті түрде пайдалануды тапсырды. Ашық сабақтарға әр мектепке дәріс оқуға спикер ретінде депутат,  қоғам қайраткерлері, белгілі тұлғаларды және т.б шақыру міндеттелді. №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде 29.11 күні 10 «В» сыныбына  ағылшын пәні мұғалімі Түйешиева Зульфия ашық сабақ өткізді. Оқушыларға Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев  туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдыретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп,мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. Отанын сүюге , елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.  

Күзгі бал

icon Күзгі бал Ағымдағы жылдың 27.11 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде 9 сыныптар арасында  «Күзгі бал» өткізілді. Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.  Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, шара соңында сыныптар марапатталды. Бас жүлде 9 «Ә»сыныбы, I орын 9 «В» сыныбы, II орын 9 «Б» сыныбы, III орын 9 «А» сыныбы, «Жарасымды жұп» номинациясымен 9 «Г» сыныбы  марапатталды.                      

«Тоңазытқыш. Жылу қозғалтқыштарының ПӘК»

icon   «Тоңазытқыш. Жылу қозғалтқыштарының ПӘК»   Ағымдағы жылдың  26.11 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде физика – информатика  пәндері апталығының жүргізілу жоспары бойынша «Тоңазытқыш. Жылу қозғалтқыштарының ПӘК» тақырыбында 8 «А» сыныбына №28 кабинетте ашық сабақ өткізілді.  

Қызықты информатика

icon   Қызықты информатика Ағымдағы жылдың  29.11 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде физика – информатика  пәндері апталығының жүргізілу жоспары бойынша «Қызықты информатика» тақырыбында 6 - 7 сыныптар арасында №32 кабинетте сыныптан тыс шара  өткізілді. Оқушылар пәнге деген қызығушылықтары жоғары екенін байқатты, шара соңында оқушылар  I және II орындармен марапатталды. Пән мұғалімдері Киркиманова Жадыра, Битаева Жадра.  

Қызықты физика

iconҚызықты физика   Ағымдағы жылдың  26.11 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде физика – информатика  пәндері апталығының жүргізілу жоспары бойынша «Қызықты физика» тақырыбында 7 сыныптар арасында №28 кабинетте сыныптан тыс шара  өткізілді. Әр сынып оқушылары өз тәжірибелерімен бөлісті.  

Соңғы жаңалықтар

Күзгі бал

Ағымдағы  жылдың 29.11.2019ж  күні  5 «Ә», «Б» сыныптар арасында күзгі бал өткізілді. Шараға 4 жұп қатыс ...

06 желтоқсан 2019
Еркін күрес

1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне орай 2009-2011 ж.т. жасөспірімдер арасында еркін күресі бойынша Б ...

06 желтоқсан 2019
Білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы жиналыс

Ағымдағы жылдың 05.12.19ж күні №16Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде білім б ...

06 желтоқсан 2019
Каратэ-до

Бірінші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген «Балалар мен жасөспірімдер» арасында  ...

06 желтоқсан 2019
«Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары»

Білім басқармасы Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым  министрлігінің  25.11.2019 жылғы  №01-13-2-7/44 ...

06 желтоқсан 2019