Абайлаңыз балалар!

Ағымдағы жылдың 3.09 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының басында мектептегі оқушылар арасында «Абайлаңыз балалар!» атты іс-шарасы жүргізілді.

Бұл мәселе балалар арасында өзекті тақырыптың бірі. Мұндағы мақсат оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін ажырата білуге, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілік екенін ұғындыру, әдептілікке, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Жол көлік оқиғаларының азаюын, балалар арасында қайғылы жағдайларды болдырмау. Қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеті. Бұл мәселені шешудің аса маңызды мәні болып жол қозғалысының барлық  қатысушыларын, соның  ішінде ерекше назар аударуды қажет ететінін кішкентай қатысушылар балаларды  алдын-ала және дұрыс дайындау болып табылады. Көбінесе жол қозғалысының ережесінің қарапайым негізін білмеу, ересектердің балаларға деген аралассыз қатынасы, ата-аналар жағынан балаларға көшеде болған кезде олармен кездейсоқ жағдайдың болып қалуы туралы түсіндірмеуі жол апатының себебі болып табылады.  Мектепте оқушылардың жол – көлік жарақаттанудың профилактикасын және жолда жүру ережесін оқып білуне үлкен көңіл аударылады. Бастауыш сынып оқушыларынан бастап мектеп инспекторы  Ильясов Абдімалік, ДТЖО Серикбаева Балсан , мектеп тәлімгері Молдашова Орынша мен бірлесе отырып іс – шараны жоғары  деңгейде өткізді.

 





«Отбасылық – демографиялық саясатты іске асыру»

icon «Шаңырақ» қоғамдық қоры, 2019 жылғы Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында  «Отбасылық – демографиялық саясатты іске асыру»  жобасын орындауда. Аталған тапсырысқа сай, қараша айының 8-іне  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде «Жастардың жыныстық  тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел, семинар өткізілді. Осыған орай мектебімізден дөңгелек үстелге 9-10 сынып қыз балаларды  қатыстырылды.  

«Шерқала». «Ақмыш сай» мен «С.Қондыбай мемориалдық мұражайына» арналған саяхат

iconЖалпақ жұртыңды, игі алашыңды құрметтеу  алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 15.03.2018ж  №124  қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы  іс-қимыл  жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы және Облыстық білім басқармасының 14.12.2018ж  №173нқ бұйрығы.  Мақсаты  оқушылардың туған өлке табиғатына деген қызығушылығын арттыру, рухани – адамгершілік, патриоттық сезімін ұялату. Ағымдағы жылдың 31.10 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізден тәлімгер Молдашова Орынша және мектеп оқушыларымызбен бірге  күзгі  демалыс кезінде өлкеміздің тарихи жерлеріне барып  шараға  қатысып  келді.   

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы түсіндіру жұмысы

icon Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жұмыс жоспарының 8 тарамағына сәйкес, ағымдағы жылдың 23.10 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде 9-11 сынып оқушылары арасында  ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

Құқық бұзушылықты алдын алу

iconАғымдағы жылдың 23.10 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде 9-11 сынып оқушыларының  қатысуымен мектеп инспекторы  Илясов Абдималик  пен ДТЖО Серикбаева Балсан, Султанова  Жанна қатысып құқық бұзушылықтың алдын  алу тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  

Қыз - болашақ ана

iconАғымдағы  жылдың 14.10 күні Салауатты өмір салты «Қыз -  болашақ ана» тақырыбында СӨСО маманы Сұлтанова Маржан  дөңгелек  үстел ұйымдастырды. Оған мектебіміздің 7 сынып қыз балалары қатысты.  

Мұқашева Лайла Саламатовна

icon Ағымдағы жылдың 25.10 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізге Мұқашева Лайла Саламатовна  өзінің қызымен  атасының мұражайына  келіп, ескеркішіне гүл  шоқтарын қойды.  

Әбіш Кекілбайұлы шығармаларынан байқау

iconӘбіш Кекілбайұлы  шығармаларынан байқау Ағымдағы жылдың 16.10 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде Жас мамандар арасында өткен қалалық Әбіш Кекілбайұлы шығармаларынан байқау өтті. Байқауға мектебіміздің Жас мамандары «Ханша – Дария »тобы қатысып ынталандырумен  марапатталды.  

Әбіш әлемі

iconАғымдағы жылдың  4.10 күні Білім инновация  лицейінде  Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын орындаушылар конкурсында суретшілер арасынан «Жас қылқалам шебері» номинациясы бойынша Ақтау қаласы №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің 10 «В» сынып оқушысы  Жылқыбаева  Ақтоты  II орынмен марапатталды.  

Ұстаз – ұлағатты есім.

iconАғымдағы жылдың 4.10 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде  жоғары сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай мерекелік шара өткізілді. Кеш шымылдығын құттықтау лебізімен мектебіміздің директоры Садыков Асқар мырза ашып берді. «Құрметті ұстаздар, білім беру саласының ардагерлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мұғалім болу – мамандық болса, ұстаздық – ол қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.   Қымбатты ұстаздар! Егемен еліміздің келешегі жас ұрпаққа тағылымды тәрбие мен терең білім беру жолында атқарып отырған еңбектеріңіз нәтижелі болсын. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт және шығармашылық табыс тілеймін! Мереке құтты болсын!».Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.   Ардагер ұстаздарымызды құрметпен еңбек демалысына шығарып салды. Мерекелік кеш соңы, концерттік бағдарламаға ұласты.  

Республикалық экологиялық сағат

icon Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 09.09.2019ж №5181 хатын негізге ала отырып, ағымдағы жылдың 3 қазан күні еліміздің барлық орта мектептерінде  Республикалық экологиялық сағат өткізілді. Эко – сағаттың бірыңғай форматы мынадай іс-шаралармен ұйымдастырылды. 1. Бастауыш, орта және жоғары сыныптарда  танымдық – дамытушылық сабақ өткізу, бейнероликтер көрсету. 2. Мектеп жанындағы учаскелерде алдын – ала дайындалған орындарға 25 дана жасыл желектер отырғызу. №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде осы іс-шараға Басқарма басшысының орынбасары Балтабеков Талғат Шамшаденұлы, мектеп директорымыз Садыков Асқар Жусипбекович және мектеп мұғалімдерімізбен, мектеп оқушыларымыз қатысты.  

Соңғы жаңалықтар

WORLD CHAMPIONSHIPS PANKRATION ATHLIMA - PANKRATION

WORLD CHAMPIONSHIPS  PANKRATION ATHLIMA - PANKRATION Ағымдағы жылдың 15-17 қараша аралығында Италия Панкратионнан әлем че ...

20 қараша 2019
«Гір спортынан»

  Ағымдағы жылдың 18.11 күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған 2002-2006ж.т. ж ...

19 қараша 2019
Би шығармашылық фестивалі

Би шығармашылық фестивалі   Ағымдағы жылдың  28.10 күні Алматы қаласында International Europian Art  and  Dance Festival ...

18 қараша 2019
Ғылыми жобалар конкурсы

  Ғылыми жобалар конкурсы Ағымдағы жылдың 16.11 күні Ақтау қаласы  «Білім – инновация ли ...

18 қараша 2019
Құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу

Ағымдағы жылдың 14.11 күні №16Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде 7-8 сынып оқ ...

16 қараша 2019