Абайлаңыз балалар!

Ағымдағы жылдың 3.09 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының басында мектептегі оқушылар арасында «Абайлаңыз балалар!» атты іс-шарасы жүргізілді.

Бұл мәселе балалар арасында өзекті тақырыптың бірі. Мұндағы мақсат оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін ажырата білуге, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілік екенін ұғындыру, әдептілікке, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Жол көлік оқиғаларының азаюын, балалар арасында қайғылы жағдайларды болдырмау. Қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеті. Бұл мәселені шешудің аса маңызды мәні болып жол қозғалысының барлық  қатысушыларын, соның  ішінде ерекше назар аударуды қажет ететінін кішкентай қатысушылар балаларды  алдын-ала және дұрыс дайындау болып табылады. Көбінесе жол қозғалысының ережесінің қарапайым негізін білмеу, ересектердің балаларға деген аралассыз қатынасы, ата-аналар жағынан балаларға көшеде болған кезде олармен кездейсоқ жағдайдың болып қалуы туралы түсіндірмеуі жол апатының себебі болып табылады.  Мектепте оқушылардың жол – көлік жарақаттанудың профилактикасын және жолда жүру ережесін оқып білуне үлкен көңіл аударылады. Бастауыш сынып оқушыларынан бастап мектеп инспекторы  Ильясов Абдімалік, ДТЖО Серикбаева Балсан , мектеп тәлімгері Молдашова Орынша мен бірлесе отырып іс – шараны жоғары  деңгейде өткізді.

 





Халықаралық Отбасы күні

icon15.05  күні  жалпы  Халықаралық Отбасы  күніне орай №16Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде ата- аналар жиналысы  өтті. Жиналыстың  ашылуы мектеп оқушыларының арнайы  ұйымдастырған концерттік бағдарламамен басталды. Жиналыста тренинг, баяндама  оқылды  және де әр түрлі мәселелер талқыланды.  

«Алтын қазына»

icon Ағымдағы жылдың  24.04 күні №16 Саламат  Мұқашев атындағы  жалпы білім беру орта мектебімізде  «Алтын қазына» атты көркем және сәндік – қолданбалы  балалар  шығармашылығының  облыстық  көрме  байқауы өтті. Осы байқауға мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 7 «А» сынып оқушысы Балхаева Назерке «Ұлттық ою- өрнегі бар халықтық  киімдерінің үлгісін жасау» номинациясының II  орын жеңімпазы, жетекшісі Сахаева Мейрамгүл алғыс хатпен марапатталды. 8 «Ә» сынып оқушысы Шахин Абылай  «Темірден жасалған бұйымдар»  номинациясы бойынша II дәрежелі дипломмен ал, жетекшісі Есенов Сексенбай алғыс хатпен марапатталды.  

«Мектеп Лигасы» футболдан жарыс

iconАғымдағы  жылдың  12.04  күні  Ақтау қаласы №29 жалпы білім беру орта  мектебінде қалалық  «Мектеп Лигасы» атты  футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа ұлдар арасынан 5-6 сынып оқушылары  қатысты. Жарыстан  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің оқушылары I – орын иеленді.  

Атаңнан мал қалғанша тал қалсын.

icon «Бұлақ көзін ашып, көзіңді қалдыр, жақсылық мұра шашып, ізіңді қалдыр, бау-бақша өсіріп, өзіңді қалдыр, жаса нұр,» – деген бабадан қалған өсиет бекер айтылмаған. Адамзат өмірінде қай заманда, қай қоғамда болмасын озық ойлы, өз заманы мен өз замандастарынан оқ бойы алда жүретін көшбасшылар жасыл желекке, ағаш егуге, атын қалдыруға ерекше мән берген. Дәстүрлі дінімізде үш түрлі әрекетті теңдесі жоқ сауап деп білген. Ол шөлге құдық қазу, өзенге көпір салу, жерге ағаш егу.   Осы дәстүрді жалғастырған №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің 5 «Д» сынып оқушылары тал отырғызу айлығын бастап кетті. Күлімдеген көктемнің шуақты күндерінде мектеп ауласына тал отырғызып, көгалдандыру жұмыстары жасады. Мектеп әкімшілігінің атынан осы 5 «Д» сынып оқушыларымыздың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз. Сынып жетекшісі: Сәттурганова Айдана   Талдың рухани пайдасы зор. Біріншіден оны еккен адам баласына үлкен сауап болса, екіншіден таза ауа және желді аймақтарға әкелер пайдасы мол.  

Волейболдан жарыс

iconАғымдағы жылдың  5- 7.04 күні Ақтау қаласында №3 мектепте облыстық волейболдан 5-6 сынып қыздар арасында «Шұбар доп»  мектеп лигасы өтті. Жарысқа қала бойынша көптеген мектептер қатысты. Осы шараға №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру мектебіміздің 5-6 сынып  оқушылары  жеңіспен оралып  III – орын иеленді.  

Қалалық жарыс

iconАғымдағы жылдың 12.04. күні Ақтау қаласындағы Маңғыстау аренасында  Қазақстан Республикасы  Тұңғыш  Президенті  Елбасының сынақ  тестілерінен  еңбек ұжымдары  арасында Ақтау қалалық жарысынан №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ахметов Мұрат  III - орын  иеленді. Жарыстың барысы  100м-ге жүгіру,  ұзындыққа секіру, кермеге тартылу, 1000м-ге жүгіру сайыстарынан тұрды.  

Оқушылармен саяхат

iconСәуірдің 20 күні 5 «Г» сынып оқушыларының ата-ана комитеті ұйымдастыруымен табиғатқа саяхатқа шықты. Балалар барғаны  22 оқушы. Мақсаты өз өлкемізде қандай жаңалықтар болып жатқанын білу.  Жеке кәсіпкерлер құстың түрін көбейтіп, біздің Маңғыстау жеріне  үйретіп, басқа елмен алмастырып  көбейтуде. Сынып жетекшісі Кусайнова Қанзира, ата-ана Бекетаева Акмарал балалардың қасында болып, көрсетіп, ішіндегі қызметкерлер оқушыларға таныстырып,  суретке түсірді. Оқушылар түйеқұсқа капуста берді, ал қоянға сәбіз арасында балалар қолдарымен ұстап та көрді. Уақыттары өте қызықты өтіп көңілді қайтты.  

Үлкендер жолы – ұлылық Ұрпағы жүрер ұғынып!

iconАғымдағы жылдың  8 наурыз күні  №16Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде Жас мамандар мен мектеп оқушыларынан құралған  ұстаздарымызға арналған кеш ұйымдастырылды. Кешке мектебіміздің барлық  ұстаздары  қатысты. Мектеп директоры ұстаздарымызға ыстық лебізін білдіріп, бірқатар мұғалімдерді мақтау қағазымен марапаттады. Мектебіміздегі Ағайларымыз ән айтып, би билеп өз өнерлерімен бөлісті.  

Көктем аруы – 2019

icon Ағымдағы жылдың  1 – наурыз  күні  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде «Көктем аруы – 2019»  байқауы өтті. Байқауға көптеген оқушылар қатысты. Мақсаты: қыз балалар салт-дәстүрді біле ме, сән үлгісін көрсете  насихаттауды қалай түсінеді, қол өнерлері бар ма? Мақал –мәтелдің  жалғасын  білеме екен? Қазақ халқамыздың ұлттық биіміз қамажай биін  билеп, сурет, өз қолынан көйлек, гүл букетін жасап өнерлерін  көрсетті.  

Волейбол жарысы

icon 1.03 – 03.03.2019ж  Ақтау қаласы бойынша Ақтау қалалық білім бөліміне  қарасты жалпы білім беретін  орта мектептердің 5 – 6 сынып оқушылары  қыздар арасындағы  мектеп аралық  волейболдан  жарыс  өткізілді. Нәтижесінде №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің оқушылары  I орын  ала отырып  облыстыққа  жолдама  алды.  

Соңғы жаңалықтар

WORLD CHAMPIONSHIPS PANKRATION ATHLIMA - PANKRATION

WORLD CHAMPIONSHIPS  PANKRATION ATHLIMA - PANKRATION Ағымдағы жылдың 15-17 қараша аралығында Италия Панкратионнан әлем че ...

20 қараша 2019
«Гір спортынан»

  Ағымдағы жылдың 18.11 күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған 2002-2006ж.т. ж ...

19 қараша 2019
Би шығармашылық фестивалі

Би шығармашылық фестивалі   Ағымдағы жылдың  28.10 күні Алматы қаласында International Europian Art  and  Dance Festival ...

18 қараша 2019
Ғылыми жобалар конкурсы

  Ғылыми жобалар конкурсы Ағымдағы жылдың 16.11 күні Ақтау қаласы  «Білім – инновация ли ...

18 қараша 2019
Құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу

Ағымдағы жылдың 14.11 күні №16Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде 7-8 сынып оқ ...

16 қараша 2019