Халықаралық Отбасы күні

15.05  күні  жалпы  Халықаралық Отбасы  күніне орай №16Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде ата- аналар жиналысы  өтті. Жиналыстың  ашылуы мектеп оқушыларының арнайы  ұйымдастырған концерттік бағдарламамен басталды. Жиналыста тренинг, баяндама  оқылды  және де әр түрлі мәселелер талқыланды.

 





Ұстаз – ұлағатты есім.

iconАғымдағы жылдың 4.10 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде  жоғары сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай мерекелік шара өткізілді. Кеш шымылдығын құттықтау лебізімен мектебіміздің директоры Садыков Асқар мырза ашып берді. «Құрметті ұстаздар, білім беру саласының ардагерлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мұғалім болу – мамандық болса, ұстаздық – ол қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.   Қымбатты ұстаздар! Егемен еліміздің келешегі жас ұрпаққа тағылымды тәрбие мен терең білім беру жолында атқарып отырған еңбектеріңіз нәтижелі болсын. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт және шығармашылық табыс тілеймін! Мереке құтты болсын!».Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.   Ардагер ұстаздарымызды құрметпен еңбек демалысына шығарып салды. Мерекелік кеш соңы, концерттік бағдарламаға ұласты.  

Республикалық экологиялық сағат

icon Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 09.09.2019ж №5181 хатын негізге ала отырып, ағымдағы жылдың 3 қазан күні еліміздің барлық орта мектептерінде  Республикалық экологиялық сағат өткізілді. Эко – сағаттың бірыңғай форматы мынадай іс-шаралармен ұйымдастырылды. 1. Бастауыш, орта және жоғары сыныптарда  танымдық – дамытушылық сабақ өткізу, бейнероликтер көрсету. 2. Мектеп жанындағы учаскелерде алдын – ала дайындалған орындарға 25 дана жасыл желектер отырғызу. №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде осы іс-шараға Басқарма басшысының орынбасары Балтабеков Талғат Шамшаденұлы, мектеп директорымыз Садыков Асқар Жусипбекович және мектеп мұғалімдерімізбен, мектеп оқушыларымыз қатысты.  

Ата –аналар жиналысы

iconАғымдағы жылдың  28.09 күні  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде 5 «Ә» сыныбына ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде 2019-2020 оқу жылының басталуы жөнінде, ата-аналармен психологиялық тренинг- психолог пәні мұғалімі Сәттұрғанова Айдана мұғалімімен, бала тәрбиесі баршаға ортақ және әр түрлі мәсеселер бойынша тақырыптар қозғалды.  

1 қазан - Қарттар күні

iconАғымдағы жылдың 1.10 күні Қарттар күніне орай №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебіміздің  мұғалімдерімен,оқушыларымыз  26-3-29 мекен жайында тұратын Бесбалова Нина  Петровнаға барып жылы лебіздерін білдіріп,  құттықтап қайтты.   Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын 1-қазан күні Халықаралық қарттар күні аталып өтуде.   Қазақстандық әрбір жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірибесі мен қадір-қасиеттерін үлгі тұтады. Соғыс жылдары жауынгерлік ерлігімен олар бейбітшілікті қорғап, сақтап қалды, сол үшін аштық пен қайғы-қасіретті бастан кешті, соғыстан кейінгі жылдары құлдыраған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіріп, өз еңбектерімен экономиканың дамуына зор үлестерін қосты.  

Әскери мамандармен кездесу

icon Әскери мамандармен кездесу Ағымдағы жылдың 27.09 күні  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде жоғары сыныптар арасында мамандық таңдау бағытында Әскери мамандармен кездесу өткізілді. Шараға арнайы қонақтарымыз Ұшқыш старший лейтенант Еспаев Тимур Алматович , авиация звено ұшқышы лейтенант Аликенов Мирас  Мырзагалиевич, ефрейтор Рахметова Жаннур Оразовна, бөлім басшысы Шукиралина Алмагул Жолдығалиқызы қатысты. Кездесудің басты мақсаты құқық бұзушылықты алдын алу, болдырмау. Құқық бұзушылықты алдын алу бағыты бойынша мектеп инспекторы Ильясов Абдімалік, ДТЖО Серикбаева Балсан қатысуымен түсіндірме жұмысы өткізілді.  

Абайлаңыз балалар!

iconАғымдағы жылдың 3.09 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының басында мектептегі оқушылар арасында «Абайлаңыз балалар!» атты іс-шарасы жүргізілді. Бұл мәселе балалар арасында өзекті тақырыптың бірі. Мұндағы мақсат оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін ажырата білуге, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілік екенін ұғындыру, әдептілікке, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Жол көлік оқиғаларының азаюын, балалар арасында қайғылы жағдайларды болдырмау. Қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеті. Бұл мәселені шешудің аса маңызды мәні болып жол қозғалысының барлық  қатысушыларын, соның  ішінде ерекше назар аударуды қажет ететінін кішкентай қатысушылар балаларды  алдын-ала және дұрыс дайындау болып табылады. Көбінесе жол қозғалысының ережесінің қарапайым негізін білмеу, ересектердің балаларға деген аралассыз қатынасы, ата-аналар жағынан балаларға көшеде болған кезде олармен кездейсоқ жағдайдың болып қалуы туралы түсіндірмеуі жол апатының себебі болып табылады.  Мектепте оқушылардың жол – көлік жарақаттанудың профилактикасын және жолда жүру ережесін оқып білуне үлкен көңіл аударылады. Бастауыш сынып оқушыларынан бастап мектеп инспекторы  Ильясов Абдімалік, ДТЖО Серикбаева Балсан , мектеп тәлімгері Молдашова Орынша мен бірлесе отырып іс – шараны жоғары  деңгейде өткізді.  

1 қыркүйек - Білім күні

icon1.09 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде 2019-2020 жылға алғашқы қоңырауымыз соғылды. Білім алушы 2898 бала, 114 сынып комплектісі бар. Мектеп алды даярлық тобымен 3141 бала, 125 сынып комплектісі болды. Жаңа оқу жылының басталып, жас балаша күлім қағатын жаз мезгілінің аяқталып, күзбен таласа келген 1 қыркүйек – Білім күні. Жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала мен жоғарғы оқу орнына жаңа түсіп жатқан студент үшін 1 қыркүйек ұмытылмас сәттерінің бірі. Бұл күнде балалармен бірге ұстаздардың да, ата-аналардың да мерейі тасып, бір жасап қалады. Бұл мерекенің жылдан-жылға мәні артып келе жатыр десек артық айтқандық емес. Себебі білім жүйесі жыл санап өзгеріске ұшырап, жаңа жүйеге сай жаңа белестерді бағындырып келеді. Ендеше білім ордасын аттап жатқан барша түлектерге жаңаны жақсы жағынан қабылдап, жаңа жүйеге тез бейімделуіне тілектестік білдіреміз. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын аяулы мектеп қабырғасын тәтті естеліктерге толтырып, жүйелі білім мен тәртіпке, саналы сана мен терең ойға толы азамат бола беріңіздер! Ұлағатты ұстаздың асыл еңбегін, аяулы ата-ананың ақ үмітін ақтай біліңіздер! Барша сүйікті оқырмандарымызды бүгінгі Білім күнімен құттықтай отырып, жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!  

Алау әскери патриоттық шарасы

icon 15 мамыр күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде Алау әскери  патриоттық  шара өтті. Шараға  дене шынықтыру  мен  БӘД пәнін бітіруіне  байланысты 10, 11 сынып оқушылары барлығы  қатысты, ЮИД 8 сынып оқушылары, патриот әскери спорттық үйірме мүшелері  34 оқушы  қатысты. Шараға арнайы қонақтар Маңғыстау облысы  Ішкі  Істер патрульдік полициясы, капитан Медетов Қуаныш,  мектеп  инспекторы, лейтенант  Ильясов Әбдімәлік шақырылды.  11 сынып ер балдарына әскери куәлігін  подполковник  Өтегенов Бақытжан табыстады. Кейбір оқушыларға мектебіміздің директоры Садыков А.Ж мадақтама грамоталарын тапсырды. Шараны ұйымдастырушы  алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Муса Бекесович.  

«Толағай » спорттық шарасы

icon 15.05 күні  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде «Толағай» спорттық шарасы өткізілді. Шараға мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, әр түрлі спорттық ойындар өтті. Ойынға ата-аналар белсене қатысты.  

«Толағай » спорттық шарасы

icon15.05 күні  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде «Толағай» спорттық шарасы өткізілді. Шараға мектебіміздің 5 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, әр түрлі спорттық ойындар өтті. Нәтижесінде  I орын - 5 «А», II орын – 5 «Г», III орын – 5 «Ә» сыныптары жеңіске жетті.  

Соңғы жаңалықтар

Ұстаз – ұлағатты есім.

Ағымдағы жылдың 4.10 күні №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде  жоғары сы ...

15 қазан 2019
Республикалық экологиялық сағат

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 09.09.2019ж №5181 хатын негізге ала отырып, ағы ...

10 қазан 2019
Ата –аналар жиналысы

Ағымдағы жылдың  28.09 күні  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде 5 «Ә» сыны ...

08 қазан 2019
1 қазан - Қарттар күні

Ағымдағы жылдың 1.10 күні Қарттар күніне орай №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мек ...

07 қазан 2019
Әскери мамандармен кездесу

Әскери мамандармен кездесу Ағымдағы жылдың 27.09 күні  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы біл ...

03 қазан 2019