Жаңалықтар

WORLD CHAMPIONSHIPS PANKRATION ATHLIMA - PANKRATION

iconWORLD CHAMPIONSHIPS  PANKRATION ATHLIMA - PANKRATION Ағымдағы жылдың 15-17 қараша аралығында Италия Панкратионнан әлем чемпионаты №16Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы 65 кг салмақ  дәрежесінде Халидолла Темірлан II орын алды.  

«Гір спортынан»

icon   Ағымдағы жылдың 18.11 күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған 2002-2006ж.т. жасөспірімдер арасында «Гір спортынан» «Маңғыстау – Арена балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» ашық біріншілігінің 65 кг салмақ  дәрежесінде I орын иегері №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің 11 «А» сынып оқушылары Кулмаков Мейрамбек және 70 кг салмақта Ербол Арман марапатталады.  

Би шығармашылық фестивалі

iconБи шығармашылық фестивалі   Ағымдағы жылдың  28.10 күні Алматы қаласында International Europian Art  and  Dance Festival Germany- Kazakhstan  «Мұнара би» тобы Қазақ биі -  I орын Эстрадный – I орын Өзбек  биі – II орын   Ақтау қаласы «Звезда удачи» атты Халықаралық көп жанрлық балалар, жасөспірімдер мен ересектер шығармашылық фестивалінде №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің 5 «З» сынып оқушысы  Қорғанбай Мадина Өзбек биі – Гран при Эстрадный – II орын марапатталды.  

Ғылыми жобалар конкурсы

icon   Ғылыми жобалар конкурсы Ағымдағы жылдың 16.11 күні Ақтау қаласы  «Білім – инновация лицейінде»  жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде тарих секциясы бойынша №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін орта мектебіміздің 9 «Г» сынып оқушысы Арысбай Анель III орынмен марапатталды.  

Құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу

iconАғымдағы жылдың 14.11 күні №16Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен ұл балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, келеңсіз жағдайларды болдырмау  мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқық бұзушылықты алдын алу бағыты бойынша мектеп директоры А.Садыков және мектеп инспекторы Ильясов Абдімалік, ДТЖО Серикбаева Балсан қатысуымен өткізілді.  

Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы дөңгелек үстел

iconҚазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы дөңгелек үстел «№16 С.Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебі» КММ Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығына орай қарашаның 13 күні 9,10,11 сыныптардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.Оған Адам құқығын қорғау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросы «Мейрім қоғамдық ұйымының» директоры Муха Александр Викторович және мектебіміздің директоры, оқу ісінің меңгерушісі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Александр Муха оқушыларға бала құқығы туралы бейнеролик көрсетіп, оқушылардың сауалдарына жауап берді. Проблемалық сауалдар туындаған кезде 2 шағын ауданда орналасқан «Бизнес центр» орталығына келіп, қажетті мәлімет алуларын ескертті. Соңында оқушыларға «Үйдегі зорлық-зомбылық құрбандарына қалай дұрыс көмек көрсетуга болады?»,  «Саналы түрде некеге тұру»,  «Отбасындағы тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың құрбандарымен қалай сөйлесу керек?» тақырыпта буклеттер таратты.  

Таеквондо жарысы

iconТаеквондо жарысы Ағымдағы жылдың 13.11.2019 жылы мектебіміздің 2 «Л» сынып оқушысы Сенгали Нурдаулет Алматы қаласында өткен Республикалық таеквондо жарысында қарсыластарын басып озып, «Чемпион» яғни І орынды алды. Нұрдаулетті және ата-анасын №16 С.Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің ұжымы атынан құттықтап, алдағы бағындырар белестері мен алар асуларына да жеңіс тіледі!...  

Биология пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары

iconБиология пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары   Ақтау қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін орта мектептердегі биология пәні мұғалімдері үшін іс-тәжірибе алмасу, жаңаша білім беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында  2019 жылдың 30 қазан күні сағат 09.00-де «№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы  білім беру орта мектебімізде» КММ-нде «Үштілді білім беру арқылы тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында биология пәні мұғалімдерінің әдістемелік семинары өткізілді. Мектебіміздің биология пәні мұғалімдері Яхяеева Бану, Қуатова Қамажай өз сабақтарын жүргізді.  

Жасөспірімдер арасындағы спорттық жарыс

iconАғымдағы жылдың 08-09.11 күндері Ақтау қаласының жалпы білім беру орта мекемелерінің жасөспірімдер 2003-2006 жж қыздар- ұлдар арасында Ақтау қаласы Маңғыстау Аренасында гір тасын көтеруден өткізілген қалалық ашық жарысында І орын иеленген 55 кг Тәуекел Ержігіт, 60 кг Кулманов Мейрамбек ІІ орынмен марапаттталды. Ақтау қаласының жалпы білім беру орта мекемелерінің арасында қол күресінен өткізілген  қалалық ашық жарысында ІІ орын иеленген 70 кг Әбдеш Нұрғали,75 кг Ербол Арман  ІІ орынмен марапаттталды.  

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»

icon  «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» Ағымдағы жылдың  07.11 күні «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты Абай атындағы  көркемсөз оқу шеберлері арасындағы қалалық  байқауында  №16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Құлмырзева Бағдагүл  ынталандыру сыйлығына ие болды.  

Соңғы жаңалықтар

WORLD CHAMPIONSHIPS PANKRATION ATHLIMA - PANKRATION

WORLD CHAMPIONSHIPS  PANKRATION ATHLIMA - PANKRATION Ағымдағы жылдың 15-17 қараша аралығында Италия Панкратионнан әлем че ...

20 қараша 2019
«Гір спортынан»

  Ағымдағы жылдың 18.11 күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған 2002-2006ж.т. ж ...

19 қараша 2019
Би шығармашылық фестивалі

Би шығармашылық фестивалі   Ағымдағы жылдың  28.10 күні Алматы қаласында International Europian Art  and  Dance Festival ...

18 қараша 2019
Ғылыми жобалар конкурсы

  Ғылыми жобалар конкурсы Ағымдағы жылдың 16.11 күні Ақтау қаласы  «Білім – инновация ли ...

18 қараша 2019
Құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу

Ағымдағы жылдың 14.11 күні №16Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебімізде 7-8 сынып оқ ...

16 қараша 2019